Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астананың да жаны бар": Елорда әкімі қос мегополис арасындағы бақталастық туралы айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте “қай қала жақсы” деп жиі дауласатын астаналықтар мен алматылықтар арасындағы "бақталастық" туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, қазақстандықтар арасында Алматының жаны бар, ал Астана тым суық әрі мансапқорлар тұратын қала деген пікір бар. 

"Мұның барлығы да жай нәрсе дер едім. Менің ойымша, біздің қала өте ыңғайлы әрі әдемі. Әрине мәселелер де бар, бұл туралы астаналықтар жиі айтады. Елордалықтармен бірлесе отырып, мәселелерді шешуге тырысамыз. Астананың да өзіндік жаны бар деп ойлаймын. Бізде жақсы, әрі жайлы. Ең бастысы мейірімді адамдары бар. Бұл біздің ерекшелігіміз", - деді елорда әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің Қайрат Боранбаевтың "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өткізуге қатысты жағдайды баяндағаны туралы жазған едік. 

Талқылау