Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар Ninety one тобы ән салғанда сахнаға бөтелке лақтырған: Беделханның шәкірттері жауап берді

Эстрадаға өзіндік стилімен келіп, тіпті елді дүрліктіріп те үлгерген Ninety one тобына Астананың 20 жылдығына арналған концерт кезінде хейтерлер тағы шабуылдаған. 91 тобын ұнатпайтындар оларға қарсы бөтелкелер лақтырған. Десе де, Ерболат Беделханның шәкірттері бұл жағдайды байқамағандай әндерін салып тұра берген.

ninety one

31 арнаға сұхбат берген Ninety one мұндай кикілжіңдерге қалай қарсы тұратындарын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

– Астананың 20 жылдығы күні ұйымдастырылған үлкен концертте сіздерге кешті жабу мәртебесі берілді. Алдарыңызда корейлік танымал жігіттер тобы өнер көрсетті. Алайда олардан көрі, көрерменнің сіздерге деген ілтипаты көбірек болды, байқадық. Бірақ сол концертте хейтерлер сіздерге тағы да шабуылдады. Сахнаға бір емес, бірнеше рет бөтелке лақтырылды. Бірақ сіздер агрессияға берілмей, тіпті ештеңені байқамағандай, сахна алдындағы кикілжіңді жылы жауып жібердіңіздер? Сіздерді сонда осындай тосын сәттерге алдын ала дайындай ма? Әлде мұндай қарсылықтарға ет үйреніп кетті ме?

– Олар шабуыл емес, бәлкім бізді шөлдеп қалды деп ойлаған шығар. Өйткені сол күні Астанада күн ыстық болды. Әдетте біз барғанда жел, салқын болатын.

– Ninety one тобы адамдар көп шоғырланған жерлерде қыдырып жүрмейді, кафе-ресторанға бармайды, әлеуметтік желіде тіпті қыздардың парақшасына да тіркелмейді екен. Тойға да шықпайды деп естиміз. Сіздерге қойылған тағы қандай шектеулер бар?

– Бізге қойылған емес, ол өзіміз таңдаған шектеулер. Біздің ойымызша, жас кезде, уақыт барда, күш барда ондай заттарға уақыт кетіргеннен гөрі болашаққа деген жолыңды жасап алған жөн. Дәл сол Instagram-ды платформа, альбом деп атауға болады. Оған уақытыңды кетіріп, зейініңді арнап, 8-9 сағат соның ішінде жоғалып кететін зат емес.

– Нағыз серілік құрған шақтарың ғой. Қыздармен сонда қалай танысасыңдар?

– Қыздармен танысатын жер көп қой. Ертеңгі күні жұбайымды көре алатындай жерде жүруіміз мүмкін. Жалпы айналада қыздар аз жүрмейді.

– Неше жастарыңда отбасын құруға дайынсыздар? Сүйіктілеріңіз сіздерді күтуге әзір ме?

– Ата-анамыз “үйлен” деп айтуды қойған кезде отбасын құратын шығармыз. Біз таңдаған жолда қарым-қатынасты кейінге шегеруге тура келеді. Егер қыз дайын болса… Біз үйленген күннің өзінде, бұл саланы тастап кете алмаймыз. Бұл – шығармашылық. Ол қай кезде де бәрінен жоғары тұрады.

– Ересек азамат болдыңыздар. Балалар тобында ән айтатын кезең де бір күні өтеді. 30-ға қарай қадам басым барасыздар. Әрі қарай не болады? Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?

– Шын мәнінде, біз қазіргі уақытта сол туралы ән жазып жатырмыз. Жолда келе жатып, таксиде сол әннің мәтінін ойластырдық. Жақында жарыққа шығады. Ән – бозбала шақпен қоштасу жайлы болмақ.
Тыңдармандар қаншалықты бізді сахнадан көргісі келеді, қаншалықты сағынады, соған байланысты… Өйткені ертең 35-40 жасқа келген кезде сені ешкім тыңдағысы келмесе, өзің сұранып, жалынып жүргенге дейін жеткізбейсің. Уақытылы тоқтату керек. Егер трендқа көзқарасың дұрыс болса, онымен бірге жүре алатын болсаң, неге жүрмеске?

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау