Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады

Астанада Абдурашид Ширинов есімді көлік жүргізушісі жолаушыларына «Hello, my friends» деп сәлем береді. Ол ағылшын тілінен бөлек әлемнің 36 тілінде амандасып, қоштаса алады.

photo_221327

Абдурашид Ширинов 15 жылдан бері жұмысымен қатар тіл үйренумен айналысып келеді, деп хабарлайды 31 арна.

«Бұрын шет тілін білмедім. Сосын кейбір тіркестерді үйренуге тура келді. Жолаушыларыма «Hello, my friends» деп амандасып, «Let’s Go» деймін», – дейді таксист.

Ол көлігіне отырған азаматтың ұлтын сұрап алып, сол тілге сөйлей жөнеледі. Польша азаматы болсын, монғол болсын, үнді болсын сол тілде амандасып, сол тілде қоштасады. Қазір 36 тілді осылай сөйлей алады. Алдағы уақытта өзге де тілдерді меңгеремін дейді. Ағылшын тілінің курсына жазылып толық меңгерсем деген жоспары бар.

«Ағам екеуміз де таксиспіз. Ағам үнемі кітап оқып, тіл үйреніп жүреді. Өзінің арнайы блакноты бар. Қазір ЭКСПО-ға келетін шетелдіктер көп. Сондықтан мен де ағылшын тілін үйренсем деп жүрмін», – дейді інісі.

Абдурашид Ширинов елімізге келген қонақтарға осылайша жақсы көңіл күй сыйлағысы келеді. Қонақтар елімізде жақсы әсер алса деген ниетте.

Тағы да оқыңыз:

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасуды армандайды

Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)

Оралда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Талқылау