Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық таксист француз азаматынан 60 мың теңге алған

Астана қаласының тұрғыны Еркебұлан Жұманов таксистерге қомақты ақшаны шетелдіктердің өзі беретінін айтады, деп хабарлайды Қазақпарат.

1696626

Оның айтуынша, Астанада француз азаматы таксист жігітке 60 мың теңгені өзі ұсынған.

«Менің досым шетелдік азаматты әуежайға жеткізіп тастаған. Француз жігіті қалтасындағы 60 мың теңгені қолына ұстатқан. Ол «Теңгені Францияға апарғанда не істеймін? Саған қалдырайын» депті, – дейді Астана тұрғыны.

Еркебұланның айтуынша, шетелдіктер көп ақша беріп жатқандарына мән бермейді. Ол үшін сотқа арызданбайтын көрінеді.

Еркебұлан Жұманов тағы бір француз жігітінің таксиске 50 мың теңге бергенін, Германия азаматының 30 мың теңге бергенін айтты. Олардың бәрі арызданбаған соң бәрі бұл жайлы біле бермейді.

Бұған дейін елордалық таксистің шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарғаны үлкен шу тудырған еді. Кейін оныңақшаны қайтарып бергені де хабарланған.

Тағы да оқыңыз:

Астанада таксист қонақүйге жеткізгені үшін неміс азаматынан 19 мың теңге алған

Қасапшы 500 мысықты бөлшектеп қоян еті ретінде сатпақ болған

Ақмола облысында сот төрайымын өз пәтерінде тұншықтырып өлтіріп кетті

Талқылау