Астаналық оқушылардың жаңа мектеп формасы таныстырылды (фото)
Биыл елордалық оқушылар мектепке жаңа формамен барады.
Елордалық оқушылар жаңа оқу жылында қандай киім киетіні туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Астаналық оқушылар мектепке қандай киім киіп келеді, жаңа форма қанша тұрады және оқушылардың көңілінен шыға ма деген мәселелерді Астана әкімдігі медиа-орталығының тілшісі халық арасынан сұрастырыпты.
“Биыл ата-аналар балалар үшін мектеп формасын алдын ала сатып алуда. Бұл орайда қалалық білім басқармасы оқушылар киюі тиіс форманы нақтылап берді. Енді мектеп формасын кез-келген жерден сатып алуға болады. Тек ол қойылып отырған талаптарға сәйкес келсе болғаны”, — делінген хабарламада.
Астанада дүкендері бірінің директоры Бейбіт Құлшықбаеваның сөзіне қарағанда, ата-аналар қыс пен жаз мезгіліне арналған бүкіл мектеп формасын бірден сатып алғанды жөн көреді. Орташа есеппен мектеп формасына (барлық жиынтығы) 16-20 мың теңге кетеді.
Мектеп формасының барлық жиынтығын сатып алу міндетті емес. Ең негізгісін алса да болады. Ұлдар үшін бұл – ақ жейде, қара көк түсті көкірекше және шалбар. Қыздар үшін – сарафан және жейде.
Немесе көкірекше, жейде немесе белдемше, көкірекше, жейде және шалбар. Қыздар үшін шалбар тобықтан түскен тігісі кең әрі бос болуы тиіс, белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см аспауы керек.
Барлық астаналық мектептерге жолданған стандартқа сәйкес, киім қатты қыртысталмауы үшін 75-78 пайыз мақта матасынан тігілген киімдерді алған жөн, форманың құрамында 15-25 пайыз синтетикалық құрамның аралас болуына жол беріледі. Сатушылардың сөзіне қарағанда, қыс мезгілінде жылы жейделер көп сатылады екен.
Тағы да оқыңыз:
Құранда түйе туралы ғажап мысал айтылған
Қалыңдық қалың малға 1 млн қимай беріп, 20 миллионның затын иесімен алатын жігіті жайлы айтты (фото)
Астанада еркектердің көңілін аулап сексуалдық шеберлікке үйрететін гейша мектебі жұмыс істейді