Астаналық ерлі-зайыптылар 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болды
Астанада ерлі-зайыптылар 6 миллион теңгеге бүйрек сатуға тырысты деп хабарлайды Stan.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылы жұбайының бір бүйрегін 6 000 000 теңгеге сату үшін, сайттарда жарнама жасаған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ғаламторда жарнама жасағаннан кейін ерлі-зайыптылар 6 млн. теңгеге бүйрек сату туралы заңсыз мәміле жасаған, олар тірі органның сатып алушысын имитациялайтын адамнан ақшаны қолма-қол алмаған», – деп хабарланды елордалық соттан.
Сот үкімі ҚР қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-тармағы мен (Қылмысқа дайындық және қылмыс жасауға әрекеттену), 116-баптың 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес (адам органдарын және тіндерін заңсыз алып тастауға мәжбүрлеу) ерлі-зайыптыларды кінәлі деп таныды. Сот шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да балалардың жаппай сары ауруға шалдығуына кінәлі дәрігерлер жазаланды
Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады
Алматыда алып бала өмірге келді
Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті