Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтарды түн ішінде шыққан қорқынышты гуіл шошытты (видео)

Кеше түнде Нұр-сұлтан қаласының оң жағалаудағы тұрғындары шулы дыбысты естіп, қайдан шығып жатқанын біле алмай дал болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

астана
"Төмен ұшқан ұшақтың дыбысы секілді, мен де бір сағат бұрын бұл шуды естідім", "Гуілді естіп, терезелерді жауып тастадым", "Басында  дезинфекция көліктері екен деп ойладым, бірақ шу ұзақ уақытқа дейін болды, көліктерді де көрмедім", - деп жазды желі қолданушылары. 

Халықтың дүр сілкінгенін көріп, елорда әкімдігі де үнсіз қалмады. Түнгі гуілдің себебін түсіндірді. 

"ЖЭО-2 - де жүйені үрлеу жұмыстары жүргізілді. Технологиялық процесс станцияның жұмыс істеуі үшін қажет", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Айта кету керек, астаналық әкімдік жүргізілетін жұмыстар туралы алдын ала тұрғындарды ескертпеген. Сол үшін адамдар біртүрлі дыбыстан шошынып қалған. 

ЖЭО-2 Байқоңыр ауданында, индустриялық парк жанында орналасқан. Сол маңда көп жылдан бері тұратын астаналықтар  осындай шуды жиі еститіндерін айтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр