Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтарды интернет-алаяқтықпен алдаған әйел ұсталды

Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны Kolesa.kz мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды алдап кеткен.

Бұл сайтта бір әйел автокөлік бөлшектерін сату туралы хабарландырулар жариялаған. Онда көрсетілген бағалар нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болған. Күдікті әлеуетті сатып алушылармен хат алмасуды жүргізіп, тауарға алдын ала төлем жасауды ұсынған. Төлемнің бағасы 20-150 мың теңге аралығында болған. Бейтаныс бикешке сенген азаматтар ақшасын оның бірнеше банктік шотына аударып отырғаны белгілі болған.

Елордалық полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласында бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеушілер тұрғылықты жерінен ноутбук, жеті ұялы телефон мен сим-карта тәркіледі. Бүгінге дейін полицияға алданып қалған 4 азамат хабарласқан, бірақ зардап шеккендер саны 30-ға жуық болуы мүмкін.

Әйелдің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

  • Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:
  • Автомобилдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.
  • Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:
  • Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде:
  • Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның  ресми атауының дұрыстығына назар аударыңыз;
  • Әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон номерлерін)көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. Мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс номірлерін бөлу қажет, яғни жеке номерді туыстармен және жақындармен  байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
Талқылау