Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасау үшін Ақтауға барады
Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адамға ота жасау үшін арнайы Ақтауға барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Соққыға жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.
Ескі диван көпқабатты үйдегі ортақ балконда тұрғаны белгілі. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда ескі жиһазды биіктен лақтырған адам әлі табылмаған. Жақын маңда бейне бақылау камерасы да жоқ екен. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл қабаттан жасөспірімдердің жүргенін көрген. Егер кінәлі анықталса, қатаң жазаға тартылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі