Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алаяқ 70-тен астам қазақстандыққа Вьетнамға өтірік әуе билеттерін сатқан

билет сток

Фото: Istock.com

Астаналық алаяқ Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатып, 70-тен астам тұрғынды алдап соққан.

Елорда тұрғынының алаяқтық әрекетінің салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалуға бара алмай қалған. Олардың туристік жолдамалары жойылып, айтарлықтай шығынға батты.

“Әйел әуе билеттерін нарық бағасынан төмен бағаға ұсынып, клиенттерге арнайы арналар арқылы билет сатып алу мүмкіндігі бар екеніне сендірді. Алайда ол шынайы билеттердің орнына жалған маршрут түбіртектерін берген. Туристер әуежайда брондау болмағанын ұшып кетер алдында білген”, – делінген хабарламада.


Египетке барған қазақстандық туристер 12 адамға 1 млн теңгеге тур сатып алған: Алайда орналасқан қонақүйлерін көргенде шошып кеткен


Алаяқтар қазақстандықтарға емхана қызметкерлері ретінде қоңырау шала бастаған


Алданғандар арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 миллион теңгеден асады. Салдарынан ақылы қонақ үй, экскурсия және басқа да соған байланысты шығындары күйіп кетті.

Сот алаяқты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын сотталған әйелден өндірілді.

Астана қаласы Нұра аудандық прокуратурасы кез келген туристік қызмет үшін төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексеру маңызды екенін еске салады.

Еске салайық, бұған дейін алматылық ата-әже алаяқтардың кесірінен үйі мен көлігінен айырылып, қомақты сома қарызға кіріп кеткен. Қаскөйлер оларға су мен электр есептегіштерін ауыстыру қажет деп қоңырау шалып, кейін атынан несие рәсімдеген. Соңында тіпті үйін сатуға мәжбүрлеген. Егде жастағы адамдардың қызы Виктория Каширская жағдайды тілшімізге түсіндіріп берді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 12:10
Талқылау