Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді
Алматы-Екатеринбург тас жолында қарт жүргізуші көлік астына түсіп қаза тапты.
Астана түбінде жолда дөңгелек айырбастап жатқан жүргізушіні көлік қағып, өлтіріп кетті, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға 20 тамызда Аршалы ауданында Түрген ауылына жақын жерде болған.
“Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі апаттық ескерту белгісін қойып, сол жақ артқы дөңгелегін айырбастап жатады. Сол кезде Астанаға қарай кетіп бара жатқан басқа Mercedes көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 61 жастағы ер адамды қағып кеткен, зардап шегуші алған жарақатынан көз жұмды”, — деп хабарлайды полиция.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары басталған.
Тағы да оқыңыз:
Теміртауда дүкеннен тұтынушыны итеріп шығарған полицей жазаланды (видео)
Америкалық журналистер Виктор Храпуновтың былықтарын ашуға белсене кірісті
Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)