Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға келіп тал отырғызған Николас Кейджге шапан сыйға тартылды (фото)

Астанаға келген Голливуд жұлдызы Николас Кейджге шапан кигізілді. Сондай-ақ, актер елорда әкімі Әсет Исекешевпен бірге тал отырғызу рәсіміне де қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170723191223

“Оскар” алған актер Қазақ ұлттық өнер университетіне келіп ұстаздар және шәкірттермен кездесті. Кездесуден соң университет ұжымы құрметті қонаққа арнап дастархан жайды. Ол жерде оқу орны ректоры Айман Мұсаходжаева актердің иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

“Николас Кейджге қазақ шапаны өте қатты ұнады. Ол киімнің материалы да, түсі де әдемі екенін айтты. Оның сөзінше, тіпті шапан киіп киноға түсуге де болады”, – деді Айман Мұсаходжаева.

20170723191444

Сондай-ақ, Кейдж пен қала әкімі Әсет Исекешев оқушылар сарайы маңында тал отырғызды. Еске салсақ, актер Астанадағы “Евразия” халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін келген болатын.

20170723154310

23 шілде күні Астанада “Бес құрлық” атты балалар конкурсының ашылу салтанаты өтті. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев, америкалық актер Николас Кейдж, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева қатысты.

Шара барысында Кейдж бас кейіпкерлер – мүмкіндігі шектеулі балалармен жүздесті. Қала әкімінің сөзінше, балалар киносының конкурсы “Евразия” халықаралық кинофестивалінің жыл сайынғы аталымдар қатарына енетін болады. Бұл конкурс аясында Франция, Нидерланды, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузия және Қазақстан елдерінің картиналары көрсетілді.

Оқи отырыңыз:

Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды

Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын

Талқылау