"Астанадин, Астанақұл, Саммидастана": Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады
Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл есімді адамдардың басым бөлігі ер адамдар.
Мұндай есімі бар қазақстандықтар Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тұрады.
Алматы мен Астанада өмір сүру құны жарты жылда төмендеген
Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Олар – Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда су тасқыны кезінде туған нәрестелерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылғаны туралы жазған едік.
Талқылау