Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы жатақханада студент дәретхана тазалығы үшін көршісін пышақтап тастады

Астанада студент жатақханадағы дәретхана тазалығы үшін туындаған ұрыстан кейін көршісін пышақтап тастады, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Хабарламада аталғандай, студенттер 2016 жылы 19 мамырда жатақханадағы дәретхананың тазалығы үшін жанжалдасып қалған.

«Студент А. көршісі К.-нің денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында оған бірнеше рет пышақ жарақатын келтірген. Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімі бойынша А. ҚР ҚК 106-бабы 1-бөліміне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес қылмыс жасады деп мойындалып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», – деп мәлімденді Астана қалалық сотында.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, А. амнистияға ұшырап, жаза мерзімі қысқартылған. Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Тоқтар Төлешовке тиесілі сәйгүліктердің тағдыры белгілі болды

Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берд

KZ 001 GGG сериалы автокөлік нөмірі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Намысымды таптады: Ер адам өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттап тастады (видео)

Талқылау