Астанадағы “Дастарқан” асханасында бүтіндей бiр отбасы уланып қалды
Астанадағы “Дастарқан” асханалар желiсiнiң бiрiнде адамдардың жаппай уланғаны анықталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Елордадағы жұқпалы аурулар ауруханасында қазiр үш ересек адам, балалар ауруханасында екi бала мен анасы Сальмоналлез ауруына қарсы ем алып жатыр. Уланған тағы үш адам емдерiн аяқтап, үйлерiне кеткен. Зардап шегушi Қазбек Ибраевтың айтуынша, 9 қазан күнi екi баласы мен әйелiн ертiп Ғ.Мүсірепов көшесiнiң бойындағы “Достар-1” тұрғын үй кешенiнде орналасқан “Дастарқан” асханасынан тамақтанған екен.
“Бiз 9 қазан күнi уландық. Таңғы сағат 10.20 шамасында екi балам мен әйелiм төртеумiз сол жерден тамақтандық. “Дастарқаннан” шыққаннан кейiн мен үйден де, сырттан да тамақ iшкен жоқпын. Сол күнi кешке таман менi ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына әкелдi. Бiр күннен кейiн балаларым мен әйелiм ауруханаға түстi. Олар балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында. Мiне, екi аптадан берi отбасым түгел ауруханада жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханасы болған соң, бiздi сыртқа шығармайды, ешкiмдi iшке кiргiзбейдi. Сондықтан, зардап шеккенiмiз туралы арызды алдағы дүйсенбi, ауруханадан шыққан соң жазамыз”, – дейдi Астана тұрғыны Қ. Ибраев.
Қазбектiң жанында уланған тағы екi азамат жатыр. Бiрi -Дiнмұхамед, екiншiсi – Асхат. Әрiптес екi жiгiт 8 қазан күнi «Дастарқан» асханасынан тамақтанған соң жедел жәрдеммен ауруханаға түсiптi.
“Әрiптесiмiз екеумiз 8 қазан күнi түскi сағат 13.30 шамасында түскi ас iштiк. Түстен кейiн жұмыста басымыз айналып, құсып, сыртқа жүгiре бердiк. Кешке жақын әрiптесiм Асхатты жедел жәрдеммен ауруханаға әкеттi, мен ертеңiнде түстiм. Сальмоналлез таяқшалары табылды. Бiз мемлекеттiк күзет агенттiгiнде жұмыс iстеймiз, сондықтан, басқа зардап шекендермен бiрге заң бойынша өз құқығымызды қорғаймыз. Алдағы дүйсенбi күнi ауруханадан шыққан соң алдымен асхананың басшылығына талап арыз түсiрiп, кейiн мiндеттi түрде құқық қорғау органдарына арызданамыз. Себебi, екi және одан да көп адамның улануы – қылмыстық iс”, – дейдi Дiнмұхамед Әуелбеков.
Қазбек, Дiнмұхамед пен Асхат та Достар-1 ТК-дегі “Дастарқан” асханасынан көкөнiс қосылған ет, картоп езбесi, саңырауқұлақ жегендерiн айтып отыр.
Айта кетейік, аталған мекенжайда орналасқан “Дастарқан” әлі де жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз:
Мұғалім оқушыларға анатомия сабағын түсіндіру үшін шешініп тастады (видео)
Қазақстанда дәрігерлер жасөспірімдерге пәктігін сақтау жөнінде дәріс жүргізуде
Қазақстандық жүкті әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды
Жүрек талмасы болардын бір ай бұрын адам денсаулығынан мынадай 6 белгі байқалады