Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы су тасқынынан кейін "Elorda eco system" директоры қызметінен босатылды

Астанада толассыз жауған жаңбыр салдарынан пайда болған су тасқынынан кейін "Elorda eco system" директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

""Elorda eco system" директоры Тимур Шоданов кәріз жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі және кейбір аумақтарды су басқаны үшін қызметінен босатылды", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен "Elorda eco system"-ге жер үсті ағындарын шығаруды қамтамасыз етіп, жаңбыр суы кіретін жерлер мен құбырларды тазалау тапсырылғаны хабарланды. 

2023 жылы, жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарлануда. Бұған дейін 200-ден астам проблемалық аумақта су басу мәселесі шешілген болатын.

Айта кетейік, 6 тамызда Астана көшелерін жаңбыр суы басқан еді. Мәселен, Тәуелсіздік пен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы су астында қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нөсерден кейін су басқан аялдамада "балық аулаған" Астана тұрғыны желі жұлдызына айналғаны туралы жазған едік. 

@gul110581 #Қалай ♬ оригинальный звук - Gulmira
Талқылау