Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі - әкім жауап берді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы су тапшылығы қашан шешілетінін айтты  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаланың өсу қарқыны айтарлықтай жоғары. Әсіресе, кейінгі 2-3 жылда қатты үлкейіп кетті. Тұрғындар саны құрылыс маусымы күш алған кезде 1,5 млн адамға дейін жетеді. Қалада ресми түрде 1,3 млн адам тұрақты тіркеуге алынған. Жыл сайынғы өсім – 70-80 мың адам", - деді Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесу барысында. 

Әкімнің сөзінше, қазір үшінші су сорып-сүзетін станса салынып жатыр. Тамыз айында құрылысының толық аяқталуы жоспарланған. 

“Бірінші кезеңі мамырдың аяғында, маусымның басында аяқталады. Соның арқасында сағатына қосымша 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеміз. Қазіргі тапшылық сағатына 30 мың текше метрдей. Сонда біз жаңа стансаның көмегімен алдағы бірнеше жылдың сұранысын жаба аламыз. Мұнымен қатар, жыл аяғына дейін төртінші осындай стансаның құрылысын бастап кетуді жоспалап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек. 

Талқылау