Астанадағы LRT құрылымының бір бөлігі құлап қалған: Жауапты компания түсіндірді (видео)

Әлеуметтік желіде Астанадағы LRT құрылымының бір бөлігі опырылып қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеодан LRT құрылыс алаңында құлап жатқан құрылымды көруге болады.
Ақпаратқа қатысты City Transportation System компаниясы пікір білдірді.
Астаналықтар қашаннан бастап LRT-мен жүре алады
Астанада салынып жатқан LRT-да жолақысы қанша теңге болмақ
"№113 станцияның құрылыс алаңында автокранның ілгіш сымының үзілуі орын алып, нәтижесінде кранның ұзартқышы қисайып кетті. Жағдай толығымен құрылыс алаңында болды. Жараланғандар жоқ. Оқиға төтенше жағдай ретінде тіркелмеді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы LRT желісінің алғашқы станциясы көрсетілген еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды