Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған Әлихан Мурадовқа сот үкімі шықты

Астанадағы Kaspi Bank бөлімшелерінің бірінде адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадовқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Bizmedia.kz

Ол "қаруды қолдана отырып кепілге алу"бабы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл үкімді Астананың мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. 

Үкімді ауданаралық қылмыстық істер сотының судьясы Абинур Қарабаев жариялады.

"Әлихан Мурадов 261-баптың 2-бөлігінің 4 және 8, 9-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. (4 және 8-тармақтарына қатысты кепілге алу "Қаруды немесе заттарды қару ретінде пайдалана отырып, екі немесе одан да көп адамды тұтқынға алу) және оны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді", - деп атап өтті судья.

Еске салайық, Kaspi Bank-тің Астаналық бөлімшелерінің бірінде адамдарды кепілге алу оқиғасы 18 маусымда болған. Қарулы адам барлық банк активтерін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға көмек көрсету қорына аударуды талап еткен.  Талапты орындамаған жағдайда кепілге алынғандарды өлтіремін деп қорқытқан еді. Бөлімде жеті әйел қызметкер мен бір күзетші жұмыс істеген. 

Әлихан Мурадовқа қатысты істі 29 тамызда Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта қарай бастады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8, 9 б. ("Кепілге алу") тармақтарында көзделген қылмысты жасады деп айыпталуда.

Сотта Мурадов кепілге алу жоспарын бір күн бұрын жоспарлағанын айтты. Алайда банк бөлімшесінде адам көп болғандықтан қолайлы сәтті күткен. Сот отырысында ол барлық жәбірленушілерден кешірім сұрады.


 

Талқылау