Астанадағы ЭКСПО аумағындағы "Нұр-Әлем" павильонында Түркияның туы көрінді
Астанадағы ЭКСПО аумағындағы "Нұр-Әлем" павильонында Түркияның туы көрінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас Түркия халқына тілектестік білдіру мақсатында жасалған. Соңғы деректерге сәйкес дүлей зілзаладан кейін 12,3 мың адам көз жұмып, тағы 63 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған.
Қазіргі таңда қирандылар астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда ауа райы салқын болғандықтан, оларды тірі табу ықтималдығы төмендеген.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды