Түркиядағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 12,3 мың адамға жетті
Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін көз жұмғандар саны 12 391 адамға жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Anadolu басылымы Түркияның төтенше жағдайлар бойынша басқармасына сілтеме жасап мәлімдеді.
Агенттік ақпаратына сәйкес Кахраманмараштағы жер сілкінісі нәтижесінде 62 914 адам жарақат алған. Құрбандар саны тағы да көбеюі мүмкін. Қазір күн салқын болғандықтан қирандылар астында қалған адамдарды тірі табу ықтималдығы да төмендеген.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Сабина Мамадиярова Түркияның Хатай қаласында үйіндінің астынан табылған еді.
Бұл жайлы журналист Ирина Советжанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Сабина Мамадиярова үйіндінің астынан аман шыққан, тек қыздың қолы сынған көрінеді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен