Астанадағы балабақшада баланы ұрып-соққан тәрбиеші жазадан құтылып кетті
Фото: Видеодан скрин
Астанадағы “Tilly Willy” деп аталатын балабақшада тәрбиешінің баланы жұлқып, ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған. Бүлдіршіннің ата-анасы тәрбиешінің үстінен полицияға арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telegram-дағы Kozachkov offside арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Баланың ата-анасы бұлтартпас дәлелдерді полицияға тапсырған. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағанды қасақана азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Кейін іс сотқа жеткенде, мемлекеттік айыптаушы – балабақша қызметкері Әсемгүл Тажыбаеваға 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Алайда неге екені белгісіз, прокурор айыптауды жеңілдетіп, істі 110-баптан қылмыстық кодекстің 140-бабына (Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) ауыстырды. Сәйкесінше, сұралған жаза да жеңілдеді. Яғни, қоғамдық жұмыстармен құтылып кетпек болды. Сөйтіп сот Тәжібаеваны қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша кінәлі деп тауып, амнистияға байланысты жазадан босатты.
Іс жабық жағдайда өтті.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
