Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы автобустардың бірінде әлдекімдер жасөспірімді соққыға жыққан

Астанадағы автобустардың бірінде бір топ жолаушы жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода бір топ жолаушының жігітке шабуыл жасап, оны тепкілеп, жұдырықпен ұрғанын көруге болады. Ақпарат бойынша 13 қыркүйек күні 25 автобуста болған.


Алматы облысында автобус көпірден құлап, жолаушылары бар минивэннің үстіне түскен (видео)


Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Алматы аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне 16 жастағы жасөспірімнің заңды өкілі арызданып, оның ұлын қоғамдық көлікте әлдекімдер ұрып-соғып кеткені туралы арызданған. Құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда автобус жолаушысы жүргізушіні балағаттап, қоғамдық көліктің терезесін сындырғанын жазғанбыз.

Талқылау