Астанадағы автобус апатында аяғынан айырылған 8 жастағы қыз протезбен алғашқы қадамдарын жасады
Видеодан скрин
Астанадағы автобус апатында аяқтарынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен орнатылған протездердің көмегімен алғашқы қадамдарын жасай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде бүлдіршіннің жаттығуларында түсірілген видео жарияланды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 2 маусым күні Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен еді. Сол оқиғада Алуа есімді бүлдіршін аяғынан айырылды. Қалалық №1 автобус паркі жүргізушінің бағананы байқамай қалғанын мәлімдеді.
Ал тамыз айында жол апатына түскен автобус жүргізушісіне рақымшылық жасалғаны белгілі болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген