Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы әуежайға қатысты тергеу басталды

Фото: shutterstock.com

Астананың халықаралық әуежайына ұшақтарды отынмен қамтамасыз етудің бағасын көбейтті деген күдікпен тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратты агенттікке Астанадағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті растаған.

"Департамент "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабына сәйкес, департамент кемінде 30 күндік мерзімде алдын ала танысу және түсініктеме беру үшін жобалық қорытындыны жолдады. Нақты баға тергеу нәтижесінде беріледі", – деп хабарлады ведомство.

Бұрын хабарланғандай, Астананың әуежайы республикалық бюджеттен бөлінген төрт шаң сорғыш-үрлеу машиналарын сатып алуға арналған қаражатты негізсіз пайдаланды деп, бюджетке 395 миллион теңге төлеуге міндеттелген.


Еуропаның ірі әуежайларына кибершабуыл жасалып, жүздеген рейс кешігіп жатыр


Енді Қазақстандағы әуежайлар тасымалдауға болмайтын заттарды сақтамайды


Еске салайық, бұған дейін Ақтау-Шымкент рейсінде бомба барын айтқан балалы әйел 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін жазған едік. Ақтау әуежайында 1998 жылы туған әйел ұшаққа мінген соң бомба барын айтып, SCAT ұшағын шұғыл эвакуациялауға мәжбүр етті. Ұшақ пен багаж бес сағаттан астам тексерілді, жарылғыш зат табылмады. Әйел ұсталып, Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5 жылға дейін түрме жазасы қаупімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Айым Атамбаева
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 08:29
Талқылау