Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы әуебазада әскери қызметкер зардап шекті

әуебазасы

Фото: Pixabay.com

Астанадағы әуебазасында әскери қызметкер зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әуе қорғанысы күштері баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордадағы әскери авиациялық базаның аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан бір әскери қызметкер зардап шекті.

"Жәбірленуші дереу елордадағы медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды", – деп хабарлады ведомство.


Алматы облысында жігітті күштеп әскерге әкетіп, артынша психиатриялық диспансерге жақындарының рұқсатынсыз жатқызып тастаған


Назарбаев университетіне қабылданған студентті әскерге күштеп әкетуге қатысты тергеу басталды


Әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті: Досы жауапқа тартылды


Оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген үшін жауапқа тартылды. Оған 70 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Кейін ол ұсталып, облыстық жинақтау пунктіне жеткізілген. Келесі күні медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Алайда Лисаков қаласы деңгейінде міндетті медициналық комиссия мүлде өткізілмеген.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 19:52
Талқылау