"Есеп үшін адам санын көбейту ме?": Астанадағы ақылы технологиялық форумға студенттер тегін кірген
Фото: Жазбадан скрин
Астанадағы жыл сайын болатын ақылы Digital Bridge 2025 технологиялық форумына студенттер тегін кірген. Желі қолданушысы басқаларға форумның билеттері шамамен 15 мың теңгеге сатылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2 қазан күні Астанада Digital Bridge 2025 технологиялық форумы өткен. Келгендердің көбі студенттер болды дейді желі қолданушысы.
“Келушілердің 60–70 пайызы студенттер екен. Бірден байқалды. Сөйлесіп, бірнеше сұрақ қойып көрдім. Бәрі бірдей жауап берді: “Бізді университет жіберді”, “Билеттер тегін”. Ал біз, өз кезегімізде, билеттерді сатып алдық. Көңілге қонбайтын сұрақ туындайды: біз цифрлық болашақ туралы шынайы диалог құратын орта қалыптастырып жатырмыз ба, әлде тек әдемі есеп пен сурет үшін адам адам санын көбейтіп отырмыз ба? Бұл бәрінің ынта-жігері бар дегенді көрсету үшін ұйымдастырылған көпшілік жиын ба”, – деп жазды ол.
Жазба астына пікір қалдырғандардың бір бөлігі мұның студенттерге жасалған жеңілдік екенін айтса, енді бірі адамдардың көптігінен бара алмағанын айтты.
“Бұл залды толтыру үшін ғана адамдарды жібере салатын шара болмауға тиіс”, “Жазбамен келісемін. Бірақ бір жағынан, бәлкім осының арқасында кейбір студенттердің ІТ саласына қызығушылығы оянып, стартап бастауға немесе өзін дамытуға ынтасы пайда болар”, “Студенттерде ақша жоқ. Шәкіртақысы 40–50 мың теңге ғана, ал билет шамамен 15 мың тұрады. Бұл олар үшін тым қымбат”, “Адам көп болды”, “Студенттердің кезекте тұрғанын көріп қайтып кеттім”, – деп жазды желідегілер.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
