Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жол бойында самокатпен жүрген бала көрсетілген видео жұрттың ашуын тудырды

бала жолға шығып кеткенФото: Видеодан скрин

Астанада көлік жүретін жолмен самокат айдап жүрген баланың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары баланың ата-анасын тауып, жауапқа тартуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода шамамен 3-4 жастағы бала Кенесары мен Иманбаева көшелерінің қиылысында көліктердің арасымен самокатпен өтіп бара жатқаны көрінеді. Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған.

"Айтар сөз жоқ. Ата-анасын тауып, жауапкершілікке тарту керек", – деп жазды видео авторы.

Желіде кей қолданушылар бала адасып кетуі мүмкін екенін айтып, оқиға орнына бірден полиция шақыру қажет болғанын ескертті. Ал iKomek109 қызметі бұл өтініш тіркелгенін және тиісті органға жолданғанын хабарлады.


"Ата-анасын жазаға тарту керек": Ақтөбеде жүргізушілер жолға шығып кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)


"Кінәлілер жазаланған жоқ": Астанадағы ойын орталығында баланың қолы сынып, ауыр жарақат алды


Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жолға шығып кеткен үш жасар қыздың ата-анасы жазаланғанын жазған едік. Көліктердің бейнебақылау камераларына түскен кадрларда кішкентай қыздың үлкен көшеге шығып, көліктерге қарсы беттеп келе жатқаны анық көрінеді. Алайда жолда келе жатқан бірнеше жүргізуші дереу әрекет етіп, көліктерін тоқтатып, баланы қоршап, ішінен біреуін қауіпсіз жерге алып шыққан.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 03 Тамыз, 2025 18:25
Талқылау
`