Астанада жеті жылда алғаш рет қаhарлы қыс қарсыз басталды
Синоптиктер соңғы жеті жылда алғаш рет елордада қыс мезгілі қарсыз басталғанын айтып отыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Фото: ИА “Новости-Казахстан”
Елордада қашан толассыз қар жауатыны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша осы аптаның соңында қар жауып, жел күшейюі мүмкін. Жалпы, желтоқсан айында күн ашық болады.
“Консультативтік болжамға сүйенсек, антициклонның күшеюімен ауа-райы жауын шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы түнде 10-20, ал күндіз 2-10 градусқа дейін барады. Ай соңында қар, боран соғып, жел күшейеді деген болжам бар”, — деді ұзақ мерзімді болжамдар инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанов
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы 7 жылда бірінші рет болып тұр.
Өткен жылы желтоқсан айының басында елордада қалындығы 10 сантиметр қар жатты.
Тағы да оқыңыз:
Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)
Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек
Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты