Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген

Астаналық фельдшер араққа тойып алып, ауырған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетуге келген, деп хабарлайды КТК.

Науқас бүлдіршіннің ата-анасы жедел жәрдем көлігінен әрең түскен ақ халаттының есеңгіреген түрін ұялы телефон камерасына түсіріп алыпты.

Шақыру бойынша жедел жәрдем қызметі келді. Дәрігер мастықтан тіпті көліктен түсе алмайды. Дәрігер, сіз мас күйіңізде не үшін келдіңіз? Баланы қарауға келдіңіз бе?

Астана тұрғындары баласы мазасызданып, таңғы 7-30-да медициналық жедел жәрдемге қоңырау шалған. Әкесінің айтуынша, дәрігерлер бір сағаттан соң келген. Видеода фельдшердің өзі теңселіп, әрең тұрғаны байқалады. Бетіне қос медициналық маска киіп алған. Дәрігер де, тіпті көлік жүргізушісі де тілін шайнап сөйлеп тұр. Астананың Денсаулық сақтау басқармасындағылар қазір жедел медициналық көмек көрсету орталығының мас қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Екеуі де уақытша жұмыстан  аластатылған.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда қайтыс болған 25 жастағы жігіт үш адамды аман алып қалды

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Талқылау