Астанада жастар жасөспірімге арақ сатқан дүкенге қарсы ереуілге шықты
Астанада жастар жасөспірімге арақ сатқан дүкеннің алдында ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
"Жаңа адамдар" жастар қозғалысы кәмелетке толмағандарға ішімдік сатуға қарсы акция өткізген. Тексеріс барысында, Астанадағы дүкенкердің біріннің сатушысы 16 жастағы жасөспірімге бір бөтелке алкоголь сатқан. Сатушыны өз кінәсін мойындап, болашақта мұндай әрекетке бармауға шақырғанымен сатушы келіспеген. Осындан соң белсенділер полиция шақырған.
"Алайда, полиция қызметкерінің көзінше де сатушы жағдайға мән бермей, агрессия таныта бастады", – дейді белсенділер.
Дүкен заң бұзуды жалғастырғандықтан, “Жаңа адамдар” қозғалысы құқық бұзушыны тәртіпке шақырудың басқа жолын тапқан.
Белсенділер дүкеннің кіретін жолын ленталармен жауып тастаған, ал дүкеннің ішінде ондаған адам бір сағаттай ұрандатып, наразылық білдірген. Нәтижесінде сатушы камера алдында кінәсін мойындап, “кәмелетке толмағандарға бұдан былай алкоголь сатпаймын” деп көпшілік алдында уәде берді.
"Адал жұмыс әрқашан тиімді және қауіпсіз. Біз бұл дүкенді міндетті түрде қайта тексереміз. Сатушының сөзі қаншалықты рас, шынайы шыққанын көрейік. Бұл пикет балаларға ішімдік сататын басқа дүкендерге сабақ болады деп сенеміз", – деді "Жаңа адамдар" қозғалысының белсендісі Төлеби Биқасым.