Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жастар көппәтерлі тұрғын үйдің шатырында жақындасқан

Астанада көппәтерлі тұрғын үйдің шатырында тал түсте жастар жыныстық қатынасқа түскен. Әзірге тәртіп бұзушылардың кімдер екені белгісіз. Оқиғаны ұялы телефонның таспасына әлдебіреулер түсіріп алған. Артынша әлеуметтік желілерде жариялаған.

Screenshot_5
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Видео Инстаграм желісіндегі Kazakh­_video парақшасында 15 тамыз күні жарияланған. Жұрт әдептен озған жастардың бұл қылығын сынға алды. Небәрі бірнеше сағаттың ішінде видеоны 30 мыңнан аса адам тамашалап үлгерді.

Желі қолданушылары: «Көзден тасада айналысса болмай ма?» «Бұл не хайуандық?» «Ұят болған екен», – деп пікір білдірген. Ал отандасарының арсыз қылығына әбден ашынған Тәрбие есімді азаматша: «Көшеде тек санасы жоқ малдар жақындасады. Анық жақсы көрсе үйіне апарар еді. Арзан қыз кез келген жерде, ойына келгенін жасатып жүре береді. Сосын баласын қоқысқа тастап қашады», – деген.

Тәрбиенің сөзінің жаны бар. Соңғы кездері елімізде некесіз баласын дүниеге әкеліп, қоқысқа тастап кететіндер немесе өлтіріп, топыраққа көміп кететіндер көбейген. Өкінішке қарай, қылмыстық және әкімшілік жазалар мұндай қылмыстардың қайталануына кедергі бола алмай отыр.

 

Доброе утро, Астана 😂#kazakh_video

Видео опубликовано KAZAKH_VIDEO 🔷 (@kazakh_video)

Талқылау