Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жасөспірім спорт үйірмесінде жарақаттанып, мүгедек болып қалды

Астанада спорт үйірмесіне кеткен 14 жастағы жеткіншек үйіне ауыр жарақатпен қайтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына слітеме жасап.

Жаттығу кезінде бір жасөспірімнің аяғы екіншісінің басына тиіп, баланың оң жақ беті істемей қалған көрінеді.

Айжан Сейітбекова – екінші топтағы мүгедек. Жалғызбасты ана. Ағжан оның жалғыз ұлы. Жасөспірім спортты жақсы көреді. Бұған дейін қалалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлде иеленген. Айжан жаттығудан қалмай баратын баласының бір күнде мүгедекке айналғанын айтып қынжылады. 

"Бас сүйегін компьютерден көрсетті. Оң жақ беті майдаланып кеткен. Сол сүйегін алып тастап, полный пластика қоямыз дейді. Көзді тіреп тұру үшін. Басқаша болмайды. Балаға солай ғана көмектесе аламыз дейді. Ал, спорт ше десем, одан шеттеу болады, 1-2 жыл қатыспайды. Ал пластик өмір бақиға қалады дейді”, – анасы Айжан Сейітбекова.

Оқиға "Палуан" ережесіз жекпе-жек кешенінде болған. Мұнда 100-ден аса бала спорт үйірмесіне қатысады. Балалар сенбі күні жаттығуға жиналған. Жаттықтырушы оларды жұп-жұпқа бөліп, әдіс-тәсілдерді көрсетеді. Ол кезде Ағжан мен жанындағы досының басында "шлем" болмаған. Тренер ережелердің сақталмағанын көріп екеуіне ескерту жасап, "тебуге болмайды" деп шарт қояды. Бірақ олар менің сөзімді тыңдамады дейді. 

"Бұл кезде мен басқа балалармен жұмыс істеп жатқанмын. Жаттығу кезінде болсын, жарыста болсын бізде жарақат болады. Спорт болғаннан кейін онсыз болмайды. Бірақ мен әр жарақатқа, дененің көгеруіне жедел жәрдем шақырмаймын ғой. Тек бір жері сынса, шығып кетсе жүгінемін. Сосын үйіне демал деп жібердім. Мен сабақ басталар алдында балаларға ескерттім. Олар тыңдамады”, – дейді жаттықтырушы Самат Рахметов.

Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Жасөспірімнің оң жақ бетіне зақым келген. Жақында операция жасалады. Оқиғадан кейін жеткіншектің анасы полицияға арызданған. 

"Спарринг-жаттығу кезінде жаттығушылардың бірі қарсыласының көз аймағынан тепкені анықталды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешім қабылданады”, – дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Талқылау