Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жасөспірім кеміргіштерден қауіпті инфекция жұқтырған

Астанада сәуірдің 14-інен 25-іне дейін дератизациялық шаралардың көктемгі кезеңі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жасөспірім кеміргіштерден қауіпті инфекция жұқтырған

Фото: Алексей Даничев

Сәуірдің 14-інен 25-іне дейін қала басшылығының тапсырмасымен елорданың жеке секторында жаппай дератизация туры өтті. Кеміргіштермен күрес шараларын жүргізу барысында 20 000 тұрғын үй қамтылды. Соның ішінде “Алматы” ауданында – 9 010 үй, “Сарыарқа” ауданында – 9 890 үй, “Есіл” ауданында – 1 100. “1 161 тұрғын үйде кеміргіштердің бастапқы қоныстануы анықталған бұл 5,8% құрайды. Қайталап өңдеу жұмыстарынан кейін көрсеткіш 0,7%-ға дейін төмендеді. Соның ішінде “Алматы” ауданында — 0,3%, “Есіл” ауданында — 1,1%, “Сарыарқа” ауданында — 1,1%”, — делінген хабарламада. Алайда, әкімдік атап өткендей, көп қабатты үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында жүргізілген дератизациялық жұмыстар сапасының төмендігі күрес нәтижелеріне кері әсер етеді.

“Атап айтқанда, “Сарыарқа” ауданында 130 ПИК (842 тұрғын үй) — 94 % — дератизация бойынша келісімшарттарға отырған. 70 ПИК-те (353 тұрғын үй) өңдеу шаралары жүргізілді — 50 %. “Алматы” ауданы бойынша дератизация туралы келісімшартқа 137 ПИК (645 үй) — 61 % қол қойған. 86 ПИК-те өңдеу шаралары жүргізілді (336 үй) — 39 %. “Есіл” ауданында 60 ПИК (125 үй) — 69 % келісімшартқа отырды, 35 ПИК-те (82 үй) өңдеу шаралары жүргізілді — 41%”, — деп мәлімет береді әкімдік сайты.

3 және 5 мамырда Департамент мамандары әкімдіктің өкілдерімен және жұмыстарды орындаушылармен бірге (“Дезинфекция” ЖММ БҚО, “Столичная дезинфекция” ЖШС) жеке сектор бойынша дератизациялық шаралардың тиімділігіне таңдаулы бақылау жүргізді. “Алматы” ауданында тексерілген 216 үйдің 62-інің иесі кеміргіштердің бар екенін айтып шағымданды. “Есіл” ауданында 51 үй тексерілді. 3 үйдің иесі кеміргіштерге шағымданды.

“Сарыарқа” ауданында 77 үй иесінің 18-інде кеміргіштер мәселесі әлі де өзекті күйде қалып отыр. “Келтірілген мәліметтер елордалық ПИК-тердің дератизацияға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Сапасыз жүргізілген дератизациялық шаралар кеміргіштер тасымалдайтын және елорда аумағына тән жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін: туляремия, листериоз, лептоспироз және иерсиниоз. 2017 жылдың сәуірінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында листериозға шалдығудың 1 оқиғасы тіркелді. Бұл ауру 2002 жылдан бері тіркелмеген”, — делінген әкімдік хабарламасында. Сондай-ақ, қала емханаларына кеміргіштердің тістегенінен зардап шеккен тұрғындар да тіркелген.

 

Талқылау