Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жаңа көпір салынады

Астанада жаңа көпір салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көпірді жобалау қазірдің өзінде басталды.

Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір КазГЮУ ауданындағы Кенесары көшесінде орналасады. Әкімдікте құрылысты 2024 жылы бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ биыл Тәуелсіздік көпірінің құрылысы аяқталады. Бұл көпір жолдардағы қозғалысты түсіруге және Тәуелсіздік даңғылының, жаңа теміржол вокзалы ауданының, Қошқарбаев даңғылының, Нәжімеденов көшесінің және басқалардың сол жағалаумен қосымша байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алаш-Бөгенбай батыр тас жолы бойындағы жол өтпесін қайта жаңарту, Пушкин көшесіндегі (Можайский көпір) жол өтпесін жөндеу жалғасуда. 

Әкімдік биыл 70-тен астам көше салуға және жөндеуге уәде берді. 

Талқылау