Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 16 жстағы қыз автобустан құлап ауруханаға түсті

Астанада бойжеткен қыз автобустан құлап түсті.

avtobus_astana

«9 тамызда сағат 19.10-да №31 бағыттағы жолаушылар тасымалдау автобусының 40 жастағы жүргізуші «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» аялдамасында қозғалыс қауіпсіздігін сақтамаған. Ол автобус есігін жаппай жүріп кеткен. Соның салдарынан көлік салонының шыға беріс сатысында тұрған бойжеткен құлап кеткен», – делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінің баспасөз баянында.

Оқиғадан түрлі деңгейде жарақат алған 16 жастағы бойжеткен ауруханаға  жеткізілді. ІІД ҚР РК 245-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады.

Жүргізушінің бұған дейін де жол қозғалысы кезінде телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, апатты жағдай жасағаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.

Айта кетейік, қала бойынша жыл басынан бері 1200 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық әйел Шешенстан президентінен қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруға көмек сұрады

Баланың жыныстық дамуына қалай мән беру керек?

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Бас ауруының сіз білмейтін 7 себебі

Талқылау