Қазақстандық әйел Шешенстан президентінен қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруға көмек сұрады

Дүйсенбі, 14 Тамыз , 2017 12:04

Содыр жұбайларымен “Ислам мемлекетіне” (ИМ Қазақстан, Ресей және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) кетіп қалған әйелдердің аналары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жүгініп, қыздары мен немерелерін қайтаруға көмек сұраған.

4543917

Фото: © Таиса Боршигова/ТАСС

Грозный көшесіне шыққан шешен әйелдері арасында Қазақстан тұрғыны Роза Анаева да болған. Әйелдің айтуына, қызы Иман Музаева күйеуімен және үш баласымен Сирияға 2014 жылы кеткен, деп жазады Sputnik.

Күйеуін өлтіріп тастаған. Ал Иманға балаларымен бірге қайтуға рұқсат бермей жатқан көрінеді.

Шараға қатысушы әйелдердің көпшілігінің оқиғасы осыған ұқсас. Содырлар әйелдерді жіберуге дайын, бірақ балаларын алып қалмақ.

Бұдан бұрын Қадыровтың араласуымен Иракқа әкетілген төрт жасар бала Билал Тагилов қайтарылды. Шешенстан өкілдері Таяу Шығыста содырлардан азат етілген өңірлеріндегі балалар үйлерінде болып, Ресейден әкетілген балалады іздестіріп жүр.

Тағы да оқыңыз:

«Тастандылар» үйіндегі «Алтын белгі» иегері: Балаларымның бақытты болғанын тілеп отырамын (фото,видео)

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар