Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есе ұлғайды. Енді елордалық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Қазір елордада 6 ардагер тұрады. Олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төлемақы беріледі. 

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге (ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) де жеңілдіктер қарастырылған. Олар:

  • Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметкерлер;
  • Фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар;
  • Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар;
  • Концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;
  • Әскери қызметкерлер;
  • Жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
  • Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар;
  • Мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген адамдар.

Аталған азаматтарға 45АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде төлемақы беріледі. 

“Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери қимылдардың ардагерлерінен басқа) (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметкерлер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан) 45 АЕК (176 940 теңге) төленеді”, – деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігі.

Сондай-ақ “Ардагерлер туралы" Заңда көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлемақы беріледі.

Талқылау