Астанада ЭКСПО-ға “бомба қойған” адамның кім екені анықталды
ЭКСПО аумағында бомба қойылған деп хабарлаған адамды тәртіп сақшылары ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Жедел-іздестіру шараларының арқасында аз уақыттың ішінде Астана полициясы Оңтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ол алкогольді мас күйде тұрып қоңырау шалғанын мойындаған.
“Медициналық тексеру барысында оның алкогольді мас күйде болғаны анықталды”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталған факті негізінде “ҚР ҚК терроризм туралы жалған ақпарат беру” бойынша іс қозғалған. Қазір ұсталған ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Бұған дейін ЭКСПО аумағынан оқ салынған пакет табылғаны туралы да хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Атырау көшесінде тыр жалаңаштанған қыз неліктен мұндай қадамға барғанын айтты
ЭКСПО аумағынан оқ салынған пакет табылды
Таразда ер адам сатушы қызды ұрып тастады (видео)
Полицейлер шатырда жыныстық қатынаспен айналысқан қыз бен жігіттің үстінен түсті (видео)