Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ұстаздардан ақша жинап, қысым көрсеткен мектеп директоры орнынан кетіп тынды

Астанадағы ұстаздармен дауласқан №67 мектеп-гимназияның директоры ақыры орнынан кетіп тынды. Мұғалімдер ақша жинады деп айыптаған басшы Әлфия Мұсаева қыркүйекке дейін ғана жұмыс істейді.

мектеп директоры 110817

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Елордадағы №67 мектепке басшылық қызметке Әлфия Мұсаева 2016 жылы келген. Ұстаздардың айтуынша, сол уақыттан бастап білім ордасында ақша жинау, қарамағындағыларға қысым көрсету басталып, жемқорлыққа жол берілген. Тіпті, ашынған мұғалімдер оқу жылының аяғында мектепке білім басқармасы басшысын шақыртып, директорларының былығын бетіне басқан еді. Бірнеше рет тексерген жемқорлыққа қарсы агенттік мектептен пара алу, ақша жинау фактілерін таппаған. Соған қарамастан, білім басқармасы Әлфия Мұсаевамен келісім шартты ары қарай созбапты. Аталған мектеп жаңа оқу жылын жаңа басшымен қарсы алады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Астанада түрік актерлерімен өткен кездесуде күзет шақыруға тура келді (фото)

Ең аз баллға грант бөлінген мамандықтар анықталды

ЭКСПО: Астаналық таксиші бір күніде 30 мың теңге тапқан

Талқылау