Астанада университетте оқуға кімдерге грант берілетіні белгілі болды
Жетім балалар, балалар үйінің түлектері, жастайынан мүгедек, көп балалы отбасының балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар оқудың ақшасын төлеуге қатысты әлеуметтік көмекке ие бола алады, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі сайты.
“Төлемдер жоғары оқу орындарының бекіткен бағасына сай жүргізіледі және қала бюджетінің осы мақсатқа деп арнаған жылдық бюджет көлеміне қарай беріледі. ҰБТ қорытындысы бойынша кімнің көрсеткіші жоғары сол үміткердің әлеуметтік көмекті иеленуге мүмкіндігі мол. Ең төменгі тиісті баллды жинай алмаған түлекке төлем мүлдем қарастырылмайды. Үміткерлер 2017 жылдың 1 тамызына дейін Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш жазулары тиіс.
Өтінішпен бірге: жеке куәліктің көшірмесі; мекен-жай анықтамасы; отбасы құрамы туралы анықтама (отбасы мүшелері); отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама; мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі (жастайынан мүгедектер үшін); ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін); көп балалы отбасының мүшесі екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшін); туу туралы куәліктің көшірмесі; ҰБТ қорытындысы бойынша берілетін мемлекеттік сертификаттың көшірмесін тапсырулары тиіс.
Барлық құжаттардың түспнұсқасы мен көшірмесі қабылданады. Құжаттарды тексеріп болған соң түпнұсқа иесіне кері қайтарылады”, — делінген хабарламада.
Әкімдік атап өткендей, жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарға берілетін әлеуметтік көмек Астана қаласы мәслихатының 2014 ж 27-маусымдағы № 250/36-V бекітілген шешіміне сай жекелеген санаттағы көмекке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесіне сәйкес орта есеппен жан басына шаққандағы табыс бойынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінен 3 есе мөлшерінен аспайтын ақшалай төлемақы ретінде беріледі.
“Әлеуметтік көмекті алу үшін Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек, әлеуметтік қорғау басқармасына мына мекен-жайлар бойынша Иманбаева көшесі, 16 үй: “Сарыарқа” ауданы, № 7 бөлме, байланыс телефоны 21-27-14; “Алматы” ауданы, № 1 бөлме, байланыс телефоны 21-09-41; “Есіл” ауданы, № 4 бөлме, байланыс телефоны 21-29-88 хабарласуға болады”, — деп мәлімет берді әкімдік баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыз:
Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады
“Болашақ” бағдарламасынан дау шықты: Орталық басшысы стипендианттарды ақымақтар деп атады
Тағдырын өзгерткен кездесу: Қайыршы бала өлім аузындағы науқас әйелді қалай құтқарды (фото)