Астанада үлескерлерден 4 млрд теңге жинаған құрылыс компанияларының басшылары ұсталды
Астанада үлескерлерден 4 млрд теңге алып, алайда құрылысқа мүлде басқа қаржы жұмсаған құрылыс салушылар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана прокуратурасының мәліметінше, "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілген.
“Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн.теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген”,- делінген хабарламада.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерекке қатысты жедел-тергеу тобы құрылды. Қалалық прокуратураның мәліметінше, қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.
Талқылау