Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тұрғындардың жартысы автобус ақысын төлемейді

Астананың қоғамдық көлік жолаушыларының жартысы бақылаушы кіргенше жол ақысын төлемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елордалық автопарк өкілі тұрғындардың ақысыз жүретініне шағымданды. Монополисттің айтуынша, осыған байланысты ол үлкен шығынға ұшырауда.

“Ақы төлемей жүретіндер көп. Валидация өсімі бойынша ең азы – 51%, кейбір маршруттар бойынша – 64%. Бұл нені білдіреді? Бұл жолаушылардың 51%-ы ғана жол ақысын төлейтінін білдіреді. Бұл –шығын. Жалақымыз осыған байланысты”, – деді "№1 автобус паркі" АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев.

Алайда жол жүру құнын арттыру әлі жоспарланбаған. Баға Астанада өзгеріссіз қалады, яғни қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде бір сапарға 90 теңге.

Сонымен қатар астаналықтарға биыл 320 жаңа автобус уәде етілді. Қосшыға бағыт бойынша автопарк жаңартылады. Қазір көліктерге шағым көп. Ең жиі айтылатын нәрсе – кондиционер жұмыс істемейді.

“Бүгінгі таңда қалада алты автобус паркі жолаушылар тасымалымен айналысады. Біздің автобус паркінде кондиционері жұмыс істемейтін көлік құралдары шығарылмайды. Желіде кондиционер сынған болуы мүмкін. Бұл жағдайда автобус терминалға жетеді, маршруттан шығады және себептері жойылғанға дейін базаға барады”, – деді Шакаев.

Талқылау