Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тұрғын үй ауласынан 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің аулаларының бірінен 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары марқұмды ер адам деп ойлаған.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек күні зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

"Марқұмның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

 

Талқылау