Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада түнде ескі вокзал маңында жарылыс болды (видео)

Астанадағы көлік полициясы департаменті басшысының орынбасары Мәлік Қайбар қаладағы ескі вокзал маңында түнде болған жарылыс туралы толығырақ ақпарат берді. Оның айтуынша, бір адам жарылыс салдарынан қатты жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚТЖ

Әлеуметтік желілерде жақын маңдағы тұрғындар жарылыс толқынын сезінгендерін, кейбір жерлерде терезелер сынғанын хабарлаған. 14 ақпан түнгі 00:25 шамасында Астана станциясының сұрыптау паркіндегі 12-жолда пойызбен келген контейнер жарылған. 

"Қаза тапқандар жоқ. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп жоқ", – деп мәлімдеді Мәлік Қайбар.

Мәлік Қайбардың айтуынша, оқиға орнына департамент басшылығы шұғыл жетіп, барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел топ құрылды.

Сонымен қатар полиция "Теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі контейнер ішінде трансформаторлар мен генераторлар сияқты электр жабдықтары болғанын, оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тиісті органдар тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Атырауда белгісіз біреу мұғалімге мектепті жаратынын айтып, 80 миллион теңге талап еткен


Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапқанын жаздық. Төтенше жағдай сағат 15.00 шамасында облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, "Вольво" жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі "Industrial Explosivers" ЖШС-не тиесілі.

Талқылау