Астанада терроризм ұйымдастырып, билікті басып алуды көздеген азамат 15 жылға сотталды
Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты террористік әрекет ұйымдастырып, билікті басып алуды жоспарлаған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес Ш. есімді елорда тұрғынына қатысты шешім заңды күшіне енді.
“Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелдеді”, – делінген хабарламада.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"