Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жолаушысы такси көлігінен 9 миллион теңге ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткен

Астанада көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Астананың Нұра аудандық полиция басқармасына такси жүргізушісі шағымданып, көлігінен 9 миллион теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған. Жүргізушінің айтуынша, қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алған. Көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жүріп, көлік салонында досының ішінде ақшасы бар сөмкесі жатқанын білмеген.

Сол түні такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам анықталды.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен”, – делінген хабарлама. 

Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау