Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелге қатысты сот шешімі шықты

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сотталушы әйелге үкім шықты.

«Сот сотталушы Н-ны ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 4-ші тармағы бойынша (кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп тауып, бес жыл бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды. ҚР ҚР 74-бабына сәйкес (жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру) жазасын өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Астанадағы сұлулық салонында жұмыс істейтін 36 жастағы әйел адам басқа қыздан қызғанғандықтан жігітінің жыныс мүшесін кескен еді.

Тағы оқыңыз: 

Алдағы мереке күндері ауа-райы қандай болады

Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

Алматылық мұғалімдер мен әскерилер қымбат көліктерді ұрлап ақша тауып келген

Талқылау