Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті елорда прокуратурасымен бірлесіп "Qnet" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұсталған адам кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай, жеке тұлғалардан ақша алып, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

"Qnet" халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылды.

Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Уәкілетті органның қорытындысына сәйкес, компания салымшыларынан түскен түсім сомасы –  463 млн. теңге.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Талқылау