Астанада полиция қызметкерлері дүкенге шатырдан енген ұрыны есік алдынан күтіп алды (видео)
Астанада орын алған дүкен тонау оқиғасы жөнінде Астаналық әкімдік медиа орталығы хабарлады.
27 қазанда таңғы 5-тер шамасында ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан дүкенге белгісіз біреудің шатыр арқылы ұрлыққа түскенін байқаған. Оқиға орнына полиция шақырылған. Артынша 36 жастағы азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Сонымен қатар, 2 қараша күні Тұран даңғылы бойындағы автотұрақтан белгісіз біреулердің бөтен адамның мүлкін ұрлап кеткені жөнінде хабарлама түскен. ЖБО бейнебақылау инспекторлары видеожазбадан күдікті азаматтарға ұқсайтын жастарды байқаған. Полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған 3 баланы ұстап, ювеналды полиция бөліміне жеткізген. Жағдайды анықтау мақсатында жасөспірімдердің заңды өкілдері шақырылған.
Астаналық ІІД Жергілікті полиция қызметі 27 қазаннан бері Астана ІІД жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен 1 631 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Олардың қатарында 70-тен аса ұсақ бұзақылық фактісі, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу бойынша 178 факті, қоғамдық орындарда жармасу жөнінде 200-ден астам факті, жол ережесін бұзу жөнінде 513 факті бар.
Сонымен қатар ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 9 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
Жіберіп алмаңыз:
Қызтекелерді өзіміз тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?
Төрде тұруы тиіс бесік неге қоқыста жатыр?
Баласын құрылыс алаңында тастап кеткен әйел сәбиін қайтарып алмақ ниетте
СҚО-да жоғалып кеткен мұғалімнің денесі 3 жылдан кейін табылды